БАС МҮФТИДІҢ СЫР ЕЛІНЕ САПАРЫ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

БАС МҮФТИДІҢ СЫР ЕЛІНЕ САПАРЫ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы екі күндік жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді. ҚМДБ Төрағасы алдымен аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықовамен кездесті.

Делегацияны жылы қабылдаған Гүлшара Наушақызы дінаралық, ұлтаралық татулықты сақтауда Діни басқарма қызметкерлері мен имамдардың рөлі жоғары екенін атап өтті. Сондай-ақ пандемия кезінде мешіт қызметкерлерімен бірігіп көптеген игі істер атқарылғанын жеткізді.

Бас мүфти өңір басшысына Құрбан айт кезінде қолдау көрсетіп, ұлық мейрамымыздың жоғары дәрежеде өтуіне атсалысқаны үшін алғыс айтты. «Біздің мақсатымыз айқын. Өңірдегі діни ахуалды талдап-таразылау, қордаланған мәселелерді анықтап, шешу жолын табу. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, Ихсан ілімін тарату, Ислам академиясын ашу жайлы ұсыныстарымды жеткіздім. Мемлекет басшысы бұл жобаны қолдады. Осы бағыттағы жұмысты бірлесіп жандандыруға шақырамын» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сонымен қатар қайырымдылық жұмыстарын бірлесіп атқару, асыл діннің насихаты, жат ағыммен күрес тақырыбы сөз болды. Кездесу соңында Гүлшара Наушақызы Діни басқарманың ұсыныстарды қолдайтынын жеткізді.

Айта кетейік, кездесуге ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков, Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Бектазинов, Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы қатысты.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: