Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев дінімізді қуаттау мақсатында имамдарға жоспар бойынша жасалынуы тиіс бірқатар тапсырмалар жүктеген болатын.
Тапсырма негізінде мешіт жұмыстарын жандандыру қолға алынды. Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы А.Садиевтың ұйымдастыруымен мешітке жүгіртпе экраны (лэд экраны) қойылды. Технологиялық құралды қоюдағы мақсат - көпшілікті күнделікті намаз уақыттарынан хабардар ету және әр аптадағы жұма уағызын жамағатқа насихаттау.
Экранның ені 60см, ұзындығы 4м., жалпы шығын 350 000 теңгені құрады.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі