Бүгін Т.Рысқұлов ауданында өңірге қарасты мешіттердің карантин шараларына және қыс маусымына дайындығы тексерілді.
Ауданға арнайы ат артып келген облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы, АТТ мүшесі Ержан Аманбаев, осы өңірдің бас имамы Сұлтаншәріп қажы Жадыраев ауылдық мешіттерді аралады. Шара барысында имам-молдалармен жүздесіп, мешіттердің қысқа дайындығы, тазалығы қаралды. Мамандарға 2 қарашада жамағатпен намаз оқуға мешіттердің толықтай ашылуы барысында ескеретін ережелерді, ақтық шараларын баяндалды.
Көпшілікпен намаз оқу кезіндегі арақашықтық, бетперде кию, уақытша қол алыспау сынды түрлі тәртіптің болуы тізбектелді. Ауданға қарасты мешіттердің дайындығына қатысты баға беріліп, нақты тапсырмалар да жүктелді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі