"Жомарт отбасы" мешітке сыйлық жасады

"Жомарт отбасы" мешітке сыйлық жасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мешітке шырақ  жаққан кісіні пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қалай сыйлағаны тарихтан белгілі. Сол секілді Алла үйіне қандай да бір жағдай жасаған адамның да сауабы Алладан.

Дәл осындай игілікке мұрындық болған Бауыржан Мизамбаевтар отбасы Жамбыл ауданы орталық "Бәйдібек" мешітіне  әйел кісілерге арналған 10 жамылғыны сыйға тартты.

Бұл жанұя мектептің ұйымдастыруымен өтіп жатқан "Жомарт отбасы" челледжіне қатысып жатыр. Бастама шарты бойынша  қайырымдылық жасау мақсаты берілген. Мизамбаевтар отбасы болса, осы сәтті пайдаланып жақсылықты мешітке арнады. 

Олар сыйға тартқан жамылғы құран оқытуға, жалпы мешітке келген әйел кісілерге кие салғанға, Алла үйінде орамалсыз, шариғат құп көрмейтін киімде болып қалмас үшін ыңғайлы. 

Бұл жанұя тігіп берген арнайы киімді ауданның бас имамы Ғарифулла Қуанышбекұлы қабылдап алды. Осындай ізгі істеріне, Алла разылығын тілеп, алғыс білдірді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: