Байлықтың арбауына түскен сахабаның оқиғасы

Байлықтың арбауына түскен сахабаның оқиғасы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Құранда былай айтылған: «Тағы олардан біреулер: «Егер Алла, бізге өз кеңшілігінен мал берсе, әрине садақа беріп, игілерден болар едік» деп Аллаға серт берді. Сонда Алла оған өз ілтипатымен берген кезде, Оның бергеніне сараңдық қылды. Сөзінен айныды. Олар негізінен жалтақойлар» (9:75-76). 

Аталмыш аяттар Саляба бин Хатибке қатысты айтылған. Бірде Саляба Пайғамбарымызға (ﷺ) келіп Алланың оған байлық беруі үшін дұға жасауын өтінеді. Оған Алла Елшісі (ﷺ): «Әй, Саляба! Аз байлық көп байлықтан жақсы. Аз байлықпен өз міндетіңді орындау жеңіл», - деп жауап береді. Сонда Саляба: «Уа, Мұхаммед! Сені хақ Пайғамбар етіп бізге жіберген Алламен ант етемін, егер Алла Тағала маған көп мөлшерде мал-мүлік нәсіп етер болса, мен жетім-жесірлерге көмектесер едім», - дейді .

Осы сөзден кейін Пайғамбарымыз (ﷺ) Аллаға дұға жасап, Салябаға мол мал-мүлік нәсіп етуін сұрайды. Осыдан кейін Салябаның қорасына бір қой бітеді. Біршама уақыттан кейін әлгі бір қойдан бір отар қой пайда болады, қойдың көптігі сондай қалаға сыймайтын болғандықтан, Саляба отар қойын алып алқаптардың біріне кетеді. Енді ол барлық уақытын отардың санын көбейтуге жұмсап, мешітке келуін тоқтатады, тіпті жұма намаздарына келуін де қояды. Бірде Пайғамбарымыз (ﷺ) сахабалардан Саляба неге көрінбей кетті деп сұрайды. Сахабалар оның байып кеткендігі сондай, отар қойы бір алқапты алып жатыр дегенде, Пайғамбарымыз (ﷺ): «Қасірет!», - деген екен. Содан кейін Алла Елшісі (ﷺ) оған зекет жинайтын екі адамды жібереді. Зекет жинайтын кезде зекет берушілер шын ниеттерімен сүйсініп тұрып тиісті бөлігін беретін, алайда кезек  Салябаға келгенде – жағдай өзгеріп шыға келді. Оның көздері байлықтан басқа түктені де көрмеді. Зекет жинаушылар оған алдыңғы жылдардың берілмеген зекеті туралы есіне салады. «Сендер менен алым-салық алайын дедіңдер ме? Сендер кете беріңдер, кейін ойланып, бір шешімге келермін», - деп тіл қатады. Салябаның осы сөздерінен кейін Алла Тағала осы бір аятты түсірген еді: «Тағы олардан біреулер: «Егер Алла, бізге өз кеңшілігінен мал берсе, әрине садақа беріп, игілерден болар едік» деп Аллаға серт берді. Сонда Алла оған өз ілтипатымен берген кезде, Оның бергеніне сараңдық қылды. Сөзінен айныды. Олар негізінен жалтақойлар» (9:75-76).

Кейін Саляба жиналып қалған қарзыын қосып барлық зекетін толықтап алып келеді, бірақ Пайғамбарымыз (ﷺ): «Алла Тағала сенің зекетіңді қабылдауыма тыйым салды», - деп оның мал-мүлкінен беретін зекетін қабыл алмай қояды. Пайғамбарымыздың (ﷺ) бұл сөзінен кейін Саляба шарасыздықтан басын тасқа да, тауға да ұрған екен, алайда оның көзінен аққан жасы да, зары да құр бекер болған...

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: