Ең табысты кәсіптің сауда екені баршамызға мәлім. Саудамен айналысатын адам ісіне сенімді, шыншыл болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, оның өзіне ұнамайтын нәрсені өзге мұсылман бауырына қатысты жасамауы тиіс («Ихъя улюм ад-дин»). Бес жүз теңгеге де тұрмайтын нәрсені мың теңгеден сату – бұл өзін де, мұсылман бауырын да алдау болып табылады. Мұндай табыста қайыр да береке де болмайды. Төменде мұсылман саудагерлер үшін сауданы берекелі де қайырлы жүргізудің 8 қағидасын келтіреміз:
- Саудагер әрқашан шыншыл болуы керек. Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Шыншыл саудагер Қиямет күні тақуалар мен дін жолында шейіт болғандармен бірге тіріледі» (Ибн Маджа, Тиджарет, 1; Тирмизи, Буйу, 4; Ахмад б. Ханбал “Муснад”, 3/437)
- Саудагердің сауда жасауда батыл болуы – сүннет. Ол үнемі өзіне табыс әкелетін іспен айналысуы керек. Алла Елшісі (ﷺ) бұл жөнінде былай айтқан: «Адам өзіне береке беретін іспен айналысуын жалғастыруы қажет».
- Саудада Бір Аллаға ғана сенім артып, тек Одан ғана ризық пен тиімді мәмілені күту керек.
- Мұсылман өзі сатып алайын деп тұрған тауарын жер-жебіріне жетіп балағаттамайды әрі өзі сатып тұрған тауарын қатты мақтамайды.
- Бай тәжірибесі бар әрі терең ілімге ие адам ғана өз саудасын шариғат қағидаларына толықтай сәйкес етіп ұйымдастыра алады.
- Тауарының сапасы сондай жақсы болып тұрса да саудагер сапаның мықтылығын айтып ант-су ішіп, сатып алушыны көндірмеуі керек.
- Саудада арамдық болмауы тиіс.
- Саудагер өзінің тауарын нарықтық бағадан екі есе қымбат сатпауы қажет.
asyldin.kz