Пәтуа дегеніміз не?

Пәтуа дегеніміз не?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Араб тілінде «пәтуа» сөзі «әлдебір әрекетті түсіндіріп түпкілікті, жан-жақты берілетін жауап» деген мағынаны білдіреді. Кез-келген мәселеге қатысты шешім шығару үдерісі «ифта» деп аталса, ал пәтуа шығаратын адам «мүфти» деп аталады. Түрлі мәселелерге қатысты пәтуа шығару жөнінде өтініштер Пайғамбарымыздың (ﷺ) заманында да болған. Алла Тағала адамдардың өтініштеріне жауап болып табылатын нақты аяттарды түсіріп отырған.

Аяттардың бірінде Алла Тағала Өзінің Пайғамбарына (ﷺ) былай айтқан: «(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен, әйелдер жайында пәтуа сұрайды. Оларға: “Алла сендерге олар жөнінде пәтуасын білдіреді: Бұл сендерге оқылатын Кітапта да, оларға жазылған мирастарын бермей өздерін алуға қызығатын жетім әйелдермен байқұс балалар және жетімдерге дұрыс қамқорлық істеу жайында пәтуа береді” де…» (4:127).

Бұл аятта Алла Тағала еркектер мен әйелдердің арасында қандай қарым-қатынастың болу керектігі жөнінде толықтай түсіндіріп берген. Пайғамбарымызға (ﷺ) сұрақтарды тек мұсылмандар ғана емес, сондай-ақ, пұтқа табынушылар мен Кітап иелері де де қойған. Мысалы үшін, бірде яһудилер Пайғамбарымызды (ﷺ) тексермек болып, одан жан туралы сұрайды, сонда Алла Тағала мына бір аятты түсіреді: «(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен (рух) жан туралы сұрайды: “Ол, Раббымның әмірінен. Сендерге өте аз мәлімет берілді” де» (17:85).

Пайғамбарымыздың (ﷺ) сахабалары да түрлі құқықтық нормаларға қатысты сұрақтар қоятын, сол себепті көптеген хадистер аталмыш сұрақтарға жауап ретінде келтірілген. Бір адамның Пайғамбарымызға (ﷺ) мына бір сұрақты қойғаны келтірілген: «Уа, Алла Елшісі! Біз теңізде жүреміз, өзімізбен бірге аз мөлшерде ғана су аламыз, егер сол суды дәрет алуға жұмсасақ, онда біз шөлден қаталайтын боламыз. Бізге теңіздің суымен дәрет алуға бола ма?» Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ): «Теңіздің суы таза», - деп жауап берген екен.

Көптеген мәселелер Құран мен сүннетте, сондай-ақ, фиқһ негіздері саласының ұлы ғалымдарымен түсіндірілген. Бізге тек шариғат дәлелдеріне сүйене отырып, біздің үмбетіміздің мұджахиттарының шығарған шешімдеріне бағыну ғана қалады. Өзіміздің шектеулі ғана пайымдауларымыз бен пікірлерімізге сүйенуге болмайды.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: