Қазақ қариясын сыйлаған халық. Қарты бар үйдің қазынасы бар, - деген. Ақсақалдарды төрге шығарып, бата сұраған. Ақындар жырына қосып, амандығын тілеген.
Осындай өнегелі ұрпақ қарттарға арнап арнайы күн белгілеп, дәл осы мерекеде әдеттегіден де ерекше құрмет көрсетуді әдетке айналдырғаны белгілі.
Аталған "Қарттар" күніне орай, Жамбыл аудандық "Бәйдібек" мешітінің ұйымдастыруымен ауыл қарияларына ақ дастархан жайылып, сый-құрмет көрсетілді. 20 шақты ақсақал бас қосқан жиында даналығы мол тәрбиелі әңгіме айтылып, мешіт қызметкерлері қарттардың батасын алды.
Сонымен қатар аудан имамы Ғарифолла Кенжебек өңірдегі қариялардың үйіне барып, төл мерекесімен құттықтап, сыйлық жасады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
Һибатулла Тарази мештінің баспасөз қызметі