Ұстаз-ұлағатты есім

Ұстаз-ұлағатты есім

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Барша адамзат дамуының шамшырақ тұлғасы және ел мен елдіктің, білім мен біліктің ұйытқысы – ұстаз. «Ұстаздан  тәрбие  алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» дегендей ұштасып жатады. Міне, осынау адамзаттың ардақтысы болған білім иелерінің бүгін төл мерекесі.

Осыған орай, "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінде ұстаздар күніне арналған бірыңғай онлайн ашық тәрбие сағаты өтті.

Сабақты медресе-колледж директоры Қанат Әділханұлы "Ұстаздың қоғамдағы орны мен мәртебесі" жайлы кіріспе сөзімен бастап берді.

Іс-шараны ұйымдастырған директордың оқу ісі бойынша орынбасары Сәкен Сейдикаримов ұстаздарды құрметтеуге шақырып, шариғаттағы ғибратты мәліметтерді тілге тиек етсе, онлайн тәрбие сағатына қатысқан оқу орнының оқытушылары Амангелді Бірлік, Жарбол Ақжігіт, Нұрсұлтан Маметбай ұстаз бен шәкірт жайлы керемет насихаттарын студенттерге арнады. Сондай-ақ, арнаулы пәндер оқытушысы Наркес Боханов білім-ғылымға деген ислам дінінің насихаты кең екендігін жеткізіп, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінен мысалдар келтіріп, мағынасын ашты.

Студенттер тарапынан ұстаздарға арналған жылы лебіздер мен алғыстар да айтылды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: