Діни сауаттылық – қоғам қауіпсіздігі

Діни сауаттылық – қоғам қауіпсіздігі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Діни сауаттылық - шариғаттың ғана емес бүгінгі заманның да басты талабы. Өйткені, түрлі ағымның тамыр жайып, көбейіп кеткен кезеңінде ата дініміз жайлы білімің болмаса, теріс бағыттың соңынан еріп кету қаупі бар. 

Міне, осыған байланысты елімізде түсіндіру жұмыстары жасалып, халыққа дұрыс мағұлматтар беру мақсатында кездесулер ұйымдастырылып келеді. 

 Осындай мақсатты жиын Байзақ ауданы Ішкі саясатының ұйымдастыруымен жасалды. Үлгілі, Байзақ, Дихан, Түймекент, Жаңатұрмыс ауылдық округтерінде тұрғындармен жүздесу жасалып, аталған шараға облыстық Һибатулла Тарази мешітінің наиб имамы, АТТ мүшесі Бахтияр Амиреев арнайы барып қайтты. 

Дін маманы теріс ағымнан сақтану жолдары, діннің қоғамдағы орны, діни білім турасында мардымды насихат айтты. Ауыл тұрғындарының көкейкесті сауалдарына дәйекті жауаптар беріп, өзге ағымды ислам дінінен ажырату жолдарын баяндады. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: