Дәл қазір жаттап алуға болатын қарапайым аяттар

Дәл қазір жаттап алуға болатын қарапайым аяттар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Басына күн туғанда адам баласының Алла Тағаладан жәрдем-көмек сұрап жалбарынуы табиғи құбылыс. Исламда бұл дұға жасау болып табылады. Дұғаны тек қиын-қыстау кезде ғана айтпайды, сондай-ақ, адам бір қуанышқа кенелгенде  Аллаға разылығын білдіру үшін де айтады, яғни, Алланың шексіз берген нығметтері үшін шүкірлік етеді. Сонымен қатар, дұға тек өзі үшін ғана емес, сондай-ақ, туған-туыстары, таныстары, жора-жолдастары және бір ауыртпашылыққа ұшыраған мүлде таныс емес адамдар үшін де жасалады.

Дұға - Алла Тағалаға құлшылық ету амалдарының бірі болып табылады. Жасаған дұғасы үшін, Алланың қалауымен, адам баласы Оның сыйына кенелуі мүмкін. Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Алла Тағала алдында дұғадан қастерлі ештеңе жоқ» (Тирмизи, Ибн Маджа).

Төмендегі дұғалар тез жатталады әрі оларды күнделікті айтып жүруге болады: 1. «...Бізден қабыл айла, күдіксіз Сен тілекті тым естуші, толық білушісің!» (2:127).

2. «Раббымыз! Бізге дүниеде де жақсылық бер әрі ақыретте де жақсылық бер. Және тозақ отының азабынан сақта!» (2:201).

3. «Раббымыз! Сабыр бер, табанымызды бекітіп, бізге кәпір қауымға қарсы жәрдем бере көр!» (2:250).

4. «Алла (Т.) кісіге шамасы келетін міндетті ғана жүктейді; істеген жақсылығы өз пайдасына да, жамандығы зиянына. «Раббымыз! Егер ұмытсақ не жаңылсақ бізді қолға алма. Раббымыз! Бізге бізден бұрынғыларға жүктегеніңдей ауыр жүк жүктеме. Раббым! Бізге шамамыз келмейтінді артпа! Бізді кешір, бізді жарылқа, бізге мәрхамет ет. Сен иемізсің! Бізге кәпір қауымға қарсы жәрдем бер!» (2:286).

5. «Раббымыз! Бізді тура жолға салғаннан кейін жүрегімізді ауытқытпа. Және бізге өз қасыңнан игілік бер. Күдіксіз Сен өте берегенсің!» (3:8).

6. ««Раббымыз! Иман келтірдік, күнәмізды жарылқа да от азабынан сақта» дегендер» (3:16).

7. «Раббымыз! Түсіргеніңе иман келтіріп, Пайғамбарға ердік; енді бізді куә болушылар мен бірге жаз» (3:53).

8. «Раббымыз! Күнәларымызды, ісіміздегі орынсыздықтарымызды кеше көр әрі табанымызды мықтап, кәпір қауымға қарсы жәрдем бер!»,- деу ғана еді» (3:147).

9. «Раббымыз! Сен кімді отқа салсаң, расында оны қорладың. Залымдардың еш жәрдемшісі жоқ» (3:191).

10. «Раббымыз! Біз: Раббыларыңа иман келтіріңдер (деп) шақырған шақырушыны естіп, иман келтірдік. Раббымыз! Енді күнәларымызды жарылқап, жамандықтарымызды жасыр. Және жақсылармен бірге өлім бер!» (3:193).

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: