Бақытты болудың 5 себебі

Бақытты болудың 5 себебі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала біздің өмірімізді керемет нығметтерге толтырып берген. Сол себепті бұл өмірдің Алла Тағала бізге нәсіп еткен сыйы мен мейірімі екенін ешқашан есімізден шығармауымыз қажет. Және де күнделікті болып жатқан дүниелер үшін Аллаға шүкір етушілерден болуымыз керек.

1. Өміріміздегі сүйіспеншілік

Қауіп-қатерге толы деген жердің өзі біздің өміріміздегі махаббаттың болуы себепті ең көркем орынға айналып кетуі әбден мүмкін. Абай атамыздың: «Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңдар» деген сөзі бұл мәселені аша түсетіндей. Махаббатсыз өмірдің мәні де мақсаты да болмай кетеді.

2. Өміріміздегі адамдар

Алла Тағала бізге достарымызды, отбасымызды, басқа да жақын адамдарымызды нәсіп етті, солардың арқасында біздің өміріміз бірегейлік пен қолдауға толы болады. «Адамның күні адаммен» дегендей, маңайымыздағы адамдармен қарым-қатынас жасай жүріп, біреулерге қамқор болуды, қиын сәттерде қол ұшын беруді, қажет болса орынды кеңес бере алуды үйренеміз, яғни, қоғамда адамдармен лайықты түрде өмір сүруіміз.

3. Мұрат-мақсаттарға қол жеткізу

Алла Тағала адамдарға түрлі дарын нәсіп еткен, сол себепті әр адамның өз қызығушылығы мен қызмет саласы болады. Арманымызға қол жеткізу барысында Алла Тағаланың разылығына қол жеткізуді басты мақсат етіп алуымыз – өмірімізді одан әрі көркейте түсетін болады.

4. Өмір сүру де мейірім

Алла Тағала мейірімінің арқасында біз жарық дүние есігін аштық. Қаншама қиыншылықты бастан кешіріп жүрсек те біз осы нығметті ұмытпауымыз керек әрі тиісінше шешімдер шығарғанымыз жөн. Тек сол кезде ғана күн санап өсіп отыратын боламыз.

Тек бір Жер планетасында қаншама тірі ағза мен тіршілік көздері өмір сүреді, алайда солардың ішіндегі ең мінсізі адам болып табылады. Әр адам өз болмысынан бірегей болып келеді. Сол себепті де бізді жануар не болмаса жай ғана қарапайым тірі ағза етіп жаратпай, ақыл-ес, парасат беріп адам етіп жаратқаны үшін Алла Тағалаға сансыз шүкірлер айтуымыз қажет.

5. Өзгере білу және өзгерте білу қабілеті

Баянсыз өмірді артқа қалдыратын сәт туғанша, біз осы әлемді көркем етіп қалдыруға ұмтылуымыз тиіс. Айналамыздағы әлемді жақсы жаққа өзгерту – біздің басты мақсатымызға айналуы керек. Өз ұрпағымызға бұл әлемді көркем бейнесінде сақтап, аманат етіп қалдыруымыз аса маңызды. Алла Тағалаға құлшылық етіп өткізген өмір көркем, ал көркем нәрсе тек көркемдікке ғана жетелейтінін біз жақсы білеміз.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: