Алланың көркем есімдерін білетін құс...

Алланың көркем есімдерін білетін құс...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Захратур-Рийад» кітабында былай айтылған: «Ибраһимді (ғ.с.) отқа тастағалы тұрғанда оның қасына Жәбірейіл (ғ.с.) келіп:

- Мен саған керекпін бе? – деп сұрайды.

Ибраһим (ғ.с.):

- Жоқ, мен саған мұқтаж емеспін, - деп жауап береді.

- Алладан өз нәпсіңді сұра, сонда сенің тілегің орындалады, - дейді Жәбірейіл (ғ.с.).

- Нәпсінің өз кемшіліктері бар, сол себепті мен Алла Тағаладан оны сұрамаймын.

- Онда өз жаныңды сұра.

- Жан – аманат, ал аманат иесіне қайтарылуы керек.

- Онда жүрегіңді сұра.

- Бұл отты жаққан кім?

- Немруд.

- Ал оны осы отты жаққызуға мәжбүрлеген кім?

- Ұлы да Құдіретті Алла.

- ОНда мен Аллама разымын, - деп жауап береді Ибрагим (ғ.с.).

Сонда Алла Тағала отқа:

- Менің сүйіктім үшін салқын бол, өйткені Мұхаммед Мустафа (ﷺ) Ибрагимнің ұрпағынан болады, - деп тіл қатады.

Ибрагим отқа тасталады, ал жалындаған оттың үстіне шырылдап ұшқан құстар жиылады. Әлгі құстардың арасында бір әлсіз құс болған еді, сол құс Ибрагимнің қасында болғысы келгендіктен өзін отқа тастайды.

Алла Тағала Жәбірейілге (ғ.с.):

- Уа, Жәбірейіл! Мына құс Ибрагимнің қасында болғысы келгендіктен өзін отқа тастады. Оның тілегі бар ма екен, білші. Мен оның тілегің орындаймын, - деп бұйырады.

Жәбірейіл (ғ.с.) әлгі құстан Алладан не тілейсің деп сұрайды.

Сонда құс:

- Алла Тағаланың мың бір есімі бар деп естідім. Жүз есімін білемін, енді қалған есімдерін де білгім келеді, - деп жауап береді.

Алла Тағала әлгі құсқа Өзінің қалған есімдерін үйретеді. Осылайша, кішкене құс Жаратушының барлық есімдерін үйреніп алады. Бұл – бұлбұл құс еді...

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: