55-белгі: Мәдинаның қаңырап бос қалуы

55-белгі: Мәдинаның қаңырап бос қалуы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәдинада тұруға шақырған. Егер біреу оны жек көріп, одан шығып кетсе, Аллаһ оның орнына одан абзал біреуді әкелетінін хабарлаған. Ал Қияметтің белгілерінің бірі – жер бетінде тек бұзақы адамдар қалғанда, олардың Мәдинаны қаңыратып бос тастап кетуі.

Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Адамдарға сондай бір заман келеді; онда кісі өзінің немере ағайынын немесе туысын «Тыныш жерге кеттік, тыныш жерге кеттік» деп шақырады, (бірақ) біле білсе олар үшін Мәдина жақсырақ. Жаным қолында болған (Аллаһ)пен ант етейін, (Мәдинадан) біреу оны жек көріп шығып кетсе, Аллаһ оның орнына одан жақсы біреуді әкеледі. Расында, Мәдина (ұстаның) көрігі сияқты жаманды шығарып тастайды. (Ал) Мәдина көрік темірдің татын кетіретіні сияқты өзіндегі жамандарды шығарып тастамайынша, Қиямет келмейді», – деген2 . Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен тағы бір хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Мәдинаны ең жақсы (гүлденген) кезінде тастап кетесіңдер.

Онда жыртқыш аңдар мен құстардан басқа ешкім қалмайды. Қойларын Мәдинаға қарай айдап бара жатқан музайнаның екі қойшысы ең соңғы болып жан тапсырады. Ол екеуі оны бос күйінде көреді. Саниятулуадағқа жеткенде, етпеттерінен жығылады», – деген. Сондай-ақ Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен үшінші бір хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Мәдинаны ең жақсы (гүлденген) кезінде тастап кетесіңдер. Тіпті иттер немесе қасқырлар кіріп, мешіттің кейбір бағаналарына немесе мінберіне дәрет сындырады», – деген.

Сонда (сахабалар): «Уа, Аллаһтың елшісі! Сол кездегі жемістер кімге қалады?» – деп сұрайды. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Жыртқыш құстар мен аңдарға», – деп жауап берген. Ибн Кәсир (Аллаһ оған рақым етсін): «Дәжжалдың кезінде Мәдинада адамдар тұрады. Сосын Мәриямұлы Исаның (аләйһиссәләм) кезінде де ол дүние салғанша адамдар тұрады.

Содан кейін барып адамдар қайта бұзылады», – деп: «Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Бір керуен Мәдинаның жанынан өтіп бара жатып: «Мына жер көп мұсылмандар тұратын орталық болған», – деп айтады», – дегенін естідім», – деген Омар ибн әл-Хаттабтың (Аллаһ оған разы болсын) сөздерін келтірген.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: