Индонезияда 12 жасар қыз туыстары оның денесін жерлеуге дайындап жатқан кезде оянды. Бұл туралы дүйсенбі, 24 тамызда Daily Star порталы хабарлады.
Жасөспірім созылмалы қант диабетінен туындаған асқынуларға байланысты ауруханаға жатқызылды. Сол күні дәрігерлер оның өлімін жариялаған болатын. Осыдан кейін баланың туыстары жерлеу рәсіміне дайындықты бастады.
Куәгерлердің айтуынша, қызды шомылдырып жатқанда көзін ашып, дене қызуы көтеріліп, жүрегі қайта соғып бастаған. Оқиға орнына жедел жәрдем дәрігерлері шақырылды, бірақ олардың күш-жігерін салғанына қарамастан, қыз «қайта тірілгеннен» бір сағат өткен соң қайтыс болды, деп жазады Gazeta.ru.
Оқиға Лазар синдромына байланысты болуы мүмкін еді. Жүрек талмасынан қайтыс болған науқастарда қан айналымы өздігінен қалпына келуі мүмкін, бұл тыныс алу мен жүрек соғуын қалпына келтіреді, деп жазады aif.ru сайты.
asyldin.kz