Дубай Ислам істері және қайырымдылық департаменті алғашқы электронды исламдық немесе хижри күнтізбесін шығарды. 23 тамызда іске қосылған ислам күнтізбесі бойынша жаңа 1442 жылдың басталуына орайластырылды.
Тегін электронды күнтізбе департаменттің порталында қол жетімді. Одан сіз келесі жылы күтілетін барлық маңызды күндер туралы біле аласыз. Қосымша ақпаратты 800600 нөміріне қоңырау шалу арқылы алуға болады.
Айта кету керек, Дубай билігі шейх Рашид бен Саид әл-Мактум әмірлік еткен кезден бастап 1973 жылдан бері хиджридің баспа күнтізбесін шығарып келеді және тек осы жылы ғана ол цифрлық форматта шығарылды.
asyldin.kz