Бізді Тозақ Отынан сақтайтын 7 амал

Бізді Тозақ Отынан сақтайтын 7 амал

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тозақ Оты - жұмырбасты пенде үшін ең қорқынышты дүниелердің бірі. Сол себепті ғалымдар да, тақуа жандар да бұл жөнінде үнемі айтады және Қасиетті Құранда, хадистерде Тозақ Оты туралы келтірілген мәлімет аз емес. Пайғамбарымыз () адамдарды Тозақ Отынан аластату үшін жақсы қасиеттерге баулып, ислам дінін үнемі үйретіп отырған. Адам баласын Тозақ Отынан қорғайтын 7 амал бар. Олар:

1. Алла Тағалаға және Оның соңғы Елшісі Мұхаммедке () иман келтіру. Убада ибн Саммит Пайғамбарымыздың () былай айтқанын келтірген: «Кімде-кім Алладан басқа құдайдың жоқ екендігіне және Мұхаммед Оның Елшісі екендігіне куәлік берсе, Алла оны Тозақ Отынан сақтайды».

2. Өзгелерге мейірімді болу. Абдулла ибн Масуд Пайғамбарымыздың () былай айтқанын келтірген: «Әрбір жайдары, жұмсақ, жайлы, адамдарға жақын жанға Тозақ Оты тыйым салынған» (Ахмад).  

3. Күнделікті намаз. Үммү Хабиба (р.а.) Алла Елшісінің () былай айтқанын келтірген: «Кімде-кім бесін намазының алдындағы және одан кейінгі төрт рәкағат сүннет намазды үнемі оқитын болса, Тозақ Отынан сақталады» (ат-Тирмизи). Ханзал бин Ар-Раби‘ әл-Усайди (р.а.) Пайғамбарымыздың () былай айтқанын келтірген: «Кімде-кім лайықты түрде дәрет алып, Алланың бұйырған бес уақыт парыз намазын уақытында рүкұғ, сәжделерін толықтай орындайтын болса, оған Тозақ Оты тыйым салынған» (Ахмад).

4. Алла Тағаладан қорқып жылайтындар. Әбу Хурайра (р.а.) Пайғамбарымыздың () былай айтқанын келтірген: «Сауылған сүт желінге қайта кірмейінше, Алла Тағаладан қорқып жылайтын адам Тозақ Отына кірмейді және Алла жолындағы шаң мен Тозақтың түтіні құл үшін үйлеспейтін дүниелер» (ат-Тирмизи).

 5. Ораза. Алла Елшісі () былай айтқан: «Ораза қалқан. Алланың құлы оразаны Тозақтан қорғану үшін ұстайды» (Ахмад және әл-Табарани). Әбу Саид әл-Худри Алла Елшісінің () былай айтқанын келтірген: «Алла жолында күні бойы ораза ұстаған жанның жүзін Алла Тағала Оттан жетпіс жылдық жолдай қашықтыққа алшақтатады» (Бұхари мен Мүслим).

6. Қайырымдылық. Алла Елшісі () былай айтқан: «Өздеріңді Тозақ отынан құрманың жартысымен болса да қорғаңдар» (Ахмад, Бұхари). Бұл баянсыз дүниедегі мұсылманның бірден бір міндеті садақа болып табылады. Садақа тек ақшалай берілуі міндетті емес, мұқтаж жанға көрсетілген кез-келген көмек садақа болып табылады, тіпті бауырының жүзіне күлімсіреп қарау да.

7. Тозақ Отынан сақта деп Алладан дұға тілеу. Әнас Бин Мәлик (р.а.) Пайғамбарымыздың () былай айтқанын келтірген: «Егер кімде-кім Алла Тағаладан үш рет Тозақтан сақтай гөр деп тілесе, онда Тозақ: «Уа, Алла, оны Тозақтан сақта!» - деп тіл қататын болады (ат-Тирмизи). Аталмыш сенімді хадистерде Тозақ Отынан қалай құтылудың жолдары көрсетілген. Ақиқатында, Тозақ мәңгілік, Алланың қалауымен, онда мәңгіге қалатындар аз емес. Қамшының сабындай қысқа ғана өмірде бұл фәни дүниенің қызығына беріліп, өлімнен кейінгі өмірді ұмытып кете беретініміз өтірік емес...

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: