Пайда бермейтін 7 амал (ﷺ)

Пайда бермейтін 7 амал (ﷺ)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Біздің бірқатар ғалымдарымыз былай айтқан: «Өзге жеті амалсыз жасалса пайда бермейтін жеті амал бар. Олар:

1. Пенде Алладан және Оның азабынан қорқамын дей тұра, күнә жасауын жалғастыра береді. Оның Алладан қорқамын деген сөзі оған еш пайда бермейді.                                         

2. Адам Алладан сауап алуға үміттенеді, бірақ жақсы амалдар жасамайды. Жақсы амалдары болмайынша, адамға Алладан сауап күтуі еш көмектеспейді.    

3. Адам баласы әлдебір жақсылық жасауға ниеттенеді, бірақ сол үшін қажетті қадамдарға бармайды. Бұл да адамға еш пайда бермейді.

4. Пенде өзіне жақсы амалдар жазылғанын сұрайды, алайда осы тілегінің жүзеге асуы үшін еш құлшыныс жасамайды. Егер адам өзі талпынбаса, оның жәрдем сұраған тілегінен еш пайда болмайды, тек күш-жігерімен әрі талпынуымен ғана ол көздеген мақсатына қол жеткізе алады.
«Сондай жолымызда күрескендерді әлбетте тура жолдарымызға саламыз. Рас Алла жақсылық істеушілермен бірге!» (29:69).  

5. Тәубеге келдім деп нандырып, бірақ тәубесін жүрегімен бекітпеген жан шын мәнінде тәубеге келмегені. Күнә жасағаны үшін бұлай тәубеге келу адам баласына еш пайда әкелмейді.     

 6. Адам әрдайым құлшылығын өзгелерге көрсете отырып жасайды. Оның бұл амалы екіжүзділікке (рияға) жуық. Риядан еш пайда жоқ. 

7. Адам баласы амалдарды шын ниетсіз жасайды. Оның іс-әрекетінен салмақтылық пен талпыныс көрініс тапқанымен, шынайылықтың төрі алыста жатады. Мұндай ахуал адамды өркөкіректік пен атаққұмарлыққа итермелейді. Бұл да еш пайда бермейді, түптің түбінде әшейін адам өз-өзін алдаған болып шығады («Танбиху’ль Гафилин»).

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: