Қияметтің кіші белгілерінің бірі: тәуліктегі уақыттың қысқарылуы

Қияметтің кіші белгілерінің бірі: тәуліктегі уақыттың қысқарылуы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байқайсыздар ма, соңғы кездер іадамдар уақыт жетпейді деп көп айтатын болды. Уақыттың қысқарылуы Қиямет күнінің кіші белгілерінің бірі болып табылады. Әбу Хурайра (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Ғылым жоғалмайынша, зілзалалар жиілемейінше, уақыт қусырылмайынша, алауыздық тумайынша, адамдардың  қызғаныштан іштері күймейінше, өлім көбеймейінше, жиналған мал-мүліктің саны артпайынша Қиямет күні болмайды» (Сахих әл-Бұхари). Аталмыш хадисте уақыттың жетіспеушілігі «уақыттың қусырылуы» деген мағынада келтірілген. Расында, соңғы кездері екі сөздің бірі «уақыт жетпейді, ұйқымыз қанбайды, бір күнге жоспарланған жұмысты жасап үлгере алмадық» болып келеді. Бұл көрініс уақыт көз ілеспес жылдамдықпен өтетін мегаполистерде ғана емес, сондай-ақ үлкен қалалардан алшақта жатыр.

ылды жерлерде де орын алуда, ауыл тұрғындары да «таң атса, кеш батады» деп жатқандары. Осындай сәттерде еріксіз Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын еске аламыз: «Жыл айдай, ай аптадай, апта бір күндей, бір күн бір сағаттай, ал бір сағат от жағуға жеткілікті уақыт болмайынша Қиямет күні болмайды» (Тирмизи). Сонда бұл уақытпен не болып жатыр?

Уақыттың тұрақсыздығы жөніндегі мәселе философиялық пайымдау болып табылған. Академик В. И. Вейник ұсынған болжам қызықты, ол ғылыми айналымға «хроносфера» терминін енгізген. Бұл дегеніміз өткеннің келешекке айналу жылдамдығын басқаратын планетаның уақытша өрісін білдіреді. Бұл әзірше тек болжам ғана, алайда тәжірибе көрсеткендей, әркімнің өз хроносферасы бар. Мысалы үшін, көлікке отыра салып, ұйқыға кетіп, оянғанда бүкіл өмірің өтіп кеткендей болып тұруыңда, ал негізінде, шамалы ғана уақыт өткен еді. Осылайша, психологиялық құбылыс ретіндегі уақыт қысқара бастаған. Соңғы зерттеулердің нәтижесіне сай, тәуліктегі 24 сағат 8 сағатқа кеміген, демек, қазіргі таңда бір тәуліктегі сағат саны 16. Ендеше, күнделікті біздің уақытымыз 8 сағатқа кем. Жалпы айтқанда, бір сағатта әдеттегі 2 сағат өте шығады.

Уақыттың қысқарылуы ақыл иелерін өз басымдылықтарын қайт қарауға мәжбүрлеуде. Сағымдай зулап өтіп жатқан уақытты Алла Тағалаға құлшылық етумен не болмаса ойын-сауықпен өткізу – өз еркіңізде. Алайда уақыттың қысқаруы Қиямет күнінің кіші белгісі болса, онда сіз сол күнге дайынсыз ба?

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: