Зүл-Хиджа айында жасап үлгеру маңызды 7 амал

Зүл-Хиджа айында жасап үлгеру маңызды 7 амал

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Зүл-Хиджа айы бізге қажылық айы, құрбандық шалу айы және Құрбан айт мейрамы ретінде жақсы мәлім. Бұл айдың әсіресе алғашқы он айы қайырлы, Алла Тағала Қасиетті Құранда бұл жөнінде былай айтқан: «Ағарған таңға, Құрбан айының алғашқы он кешіне серт!» (89:1-2), ал Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Жақсы амалдардың Аллаға сүйікті болатын осы күндерден артық күн жоқ» (Бұхари). Биыл Зүл-Хиджа айы 22-ші шілдеде басталды, біздің әлі де болса мол сауапқа кенелер мүмкіндігіміз бар. Осы айда жасалатын маңызды 7 амал бар, соларға тоқталып өтейік:

1. Ниет ету. Мүміннің кез-келген ісі шынайы ниеттен басталады әрі ниетіміз тек Алланың разылығы мен Оған құлшылық етуіміз.

2. Нәпіл ораза ұстау. Алла разылығы үшін, осы айда нәпіл ораза ұстау Алла Тағалаға бір табан болсын жақындататын болады. Ал Арапа күні ұстаған оразаның сауабы мол, Алланың қалауымен, екі жылдың күнәсы кешіріледі.

3. Көбірек зікір айту. Осы айда тіпті ең жеңіл деген құлшылық түрлерінің өзі шексіз сауапқа кенелтеді. Осындай мүмкіндікті жіберіп алмайық, Алланы көп еске алып, көбірек зікір айтайық.

4. Садақа беру. Асыл дініміз Ислам бізді өзгелерге жәрдемдесіп, қолымызда барымызбен мұқтаж жандармен бөлісуге үйретеді. Естеріңізде болсын, садақа тек ақшалай ғана беріліп қоймайды, сондай-ақ, Алла Тағаланың нәсіп еткен нығметіне, несібесіне разылық білдіріп, өзгелерге қол ұшын беретін кез-келген көмек.

5. Арапа күні нәпіл ораза ұстау және дұға жасау. Осы күні Пайғамбарымыз (ﷺ) келесі дұғаны айтатын: «Ля илляха илля лаху уахдаху ля шарика ляху, ляхуль мульку уаляхуль хамд, уа хууа аля кулли шайин кадир».

6. Истигфар айту. Осы айда Алла Тағаланың кешіріміне қол жеткізуге болады. Мұсылмандар өткен өміріне көз жүгіртіп, жасаған амалдарын саралап, кеткен қателік, кемшілік, күнәлары үшін Алладан кешірім сұраудың ең жақсы мүмкіндігі. Мінез-құлқын, амалдарын жақсарту үшін ниет етіп, Алла сүйетін амалдарды көбірек жасауға ұмтылу қажет. 7. Құрбандық шалу. Құрбандық шалу – садақаның бір түрі. Хадиске сай құрбандыққа шалынған мал Қиямет күні мүйізі, терісі және тұяқтарымен келтіріліп, ал құрбандық шалушы осы сойылған малдың қаны жерге тигенше Алла алдында жоғары дәрежеге ие болады (Тирмизи)

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: