ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға көмек көрсетілді.
Һибатулла Тарази мешітінде құрылған еріктілер тобы бірінде 8, екіншісінде 7 баласы бар шаңырақтарға азық-түлік жеткізді. Сектор жетекшісі: "Бұл іс-шара ұлық мереке айттың қарсаңында дастархандары молшылықта болсын деген игі ниетпен жасалды. Балалардың бал-бұл жанған қуанышты жүздерін көру - біз үшін бақыт" - дейді Гүлжан Алдасаева Құрбан айт мерекесімен құттықтай отырып.
Шариғатымызда: "Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресін" демей ме! Изгі амал қашанда екі тарап үшін де пайдалы екенін есте сақтай жүрейікші.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі