ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев ҰОС ардагері Мусахан Бердібаевты Құрбан айт мерекесімен құттықтап қайтты.
"Қариясы бар елдің қазынасы бар" демекші, 100 жасқа толған ақсақалдың хал-ахуалын біліп, батасын алу үшін арнайы барған имам Алланың нәсіп еткен 1 ғасырлық ғұмырында көрген-білген ғибратты оқиғаларын тыңдап, тілдесіп, зор денсаулық тіледі.
Қария ақ батасын беріп, ел амандығы үшін дұға жасады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі