Құрбандыққа шалынған малдың еті үш күнде таратылып кетпеген жағдайда

Құрбандыққа шалынған малдың еті үш күнде таратылып кетпеген жағдайда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құрбандыққа шалынған малдың еті үш күнде таратылып кетуі тиіс деген рас па? Ал егер мұсылман осы үш күнде сойылған малдың етін таратып үлгермесе ше? Расында, алғашында Алла Елшісі (ﷺ) өзінің сахабаларына құрбандыққа шалынған малдың етін үш күннің ішінде жеуге және таратуға бұйырған болатын, яни сақтап қалдыртпаған. Алайда кейін келе бұл бұйрықтың күші жойылған. Хадисте былай айтылған: «Мен етті үш күнде жеуді бұйырған едім, алайда енді қалағандарыңша жеулеріңе болады» (Аш-Шавкяни  М. Нейль әл-автар. Т. 5. С. 136, хадис № 2128).

Естеріңізге сала кетсек, құрбандыққа шалынған малдың еті туған-туыстарға, өз отбасына және мұқтаж жандарға деп үшке бөлінеді. Қасиетті Құранда былай айтылған: «Олар өздеріне тән пайдаларын көрсін. Сондай-ақ өздеріне берілген малдардан белгілі күндерде Алланың атын алсын. Одан өздерің де жеңдер және жоқ-жітікке де жегізіңдер» (22:28). Егер құрбандық шалған адам ауқатты болса, онда ол өз қалауы бойынша еттің бәрін мұқтаж жандарға таратып беруіне болады.

Ал егер құрбандық шалған адамның жанұясы үлкен болса әрі өзі ауқатты болмаса, онда ол өзіне еттің үлкен бөлігін қалдыра алады, өйткені отбасы қажеттілігі абзал міндет болып табылады.

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: