Мұсылман баласына құрбандық шалу міндет етілген болуы үшін ол келесі өлшемшарттарға сәйкес келуі керек:
• мұсылман болуы, балиғат жасқа толуы және ақыл-есінің дұрыс болуы;
• азат болуы;
• жолаушы болмауы;
• нисабының болуы;
• құрбандыққа шалынатын малдың құрбан айт күндері сойылуы.
Нисаб дегеніміз не? Құрбанның нисабы – рубльге шаққандағы 595 гр. күмістің құнына тең бос қаражаттың болуы (жинақ ақшаның, қосымша жылжымайтын мүліктің болуы және т.б.). Егер мұсылман баласының қолында қарыздардың бәрін алып тастағанда осынша қаражаты болатын болса, онда оған құрбандық шалу міндет етілген.
asyldin.kz