Өмір бойы тарихта қалатын қажылық болды (ФОТО)

Өмір бойы тарихта қалатын қажылық болды (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Биылғы жыл барша адамзат үшін, оның ішінде мұсылман үмбеті үшін ерекше болды. Мұсылмандардың өміріндегі бұл ерекшеліктер Рамазан айында ораза кезінде көрінді: әр жұмада жамағаттың жүрегі карантинге байланысты жабылған мешіттерге тартып тұрды.

 

Осы аптада үлкен қажылық басталды, оған бар болғаны 1000 адам қатыса алады, ал былтыр  Сауд Арабиясына 2,5 миллион қажы келген болатын. Барлық Мекке мен Әл-Харам мешітін зарарсыздандыру операциясында мыңдаған жұмысшылар қызмет етті. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, мешітті дезинфекциялау және тазарту үшін шамамен 3500 жұмысшы жалданған. Қажылық кезінде 13 500-ден астам қызметкер тазалықты қамтамасыз етеді.

Источник фотографий: interfax.ru

Еске салайық, қажылар Меккеге өткен аптада келе бастады. Коронавирустық инфекцияға байланысты қажыларға белгілі бір шектеулер қойылды:

- өткен жексенбіден бастап барлық қажылар қатаң карантинді сақтауы керек;

- Қағбаның айналасында адамдар көп жиналмауы үшін арнайы белгілер жасалды;

- Сауд Арабия билігі әлеуметтік қашықтық пен санитарлық-гигиеналық шаралардың сақталуын бақылайды;

- Қажыларға Қағбаға қол тигізуге тыйым салынады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: