«Бір отбасы – бір баспана» акциясы мәреге жетті

«Бір отбасы – бір баспана» акциясы мәреге жетті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

     Ұлық мереке құрбан айт, қасиетті жұма күні Жаңатас қаласында бір отбасы қуанышқа кенелді. Сарысу аудандық мешіті мен Жаңатас қаласының ерікті жастарының мұрындық болуымен осыдан біраз уақыт бұрын «Бір отбасы – бір баспана» бағдарламасы басталған болатын. Алла сәтін салып иісі мұсылманның қасиетті мейрамына тұспа- тұс осы акция мәресіне жетті.

     Құрбан айттың бірінші күні 3-мөлтек аудан, 51-үйден екі бөлмелі пәтер алынып, орталық мешіттің ауласында екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған, өзі жұмысқа жарамсыз, жалғыз басты анаға тұрғын үй кілті табысталды.

Ауданның бас имамы әуелі Аллаға сансыз шүкірлер мен мадақ-мақтаулар айту керек екенін айта келіп, бұл ізгі іс-шараға ауданның немесе облыстың ғана емес бүкіл қазақ елінің азаматтарының атсалысқанын атап өтті. Бұл жерде қомақты қаржы салған ірі демеушілерсіз қарапайым оқушылар мен студенттер, зейнеткерлер, жұмысшылар, әртүрлі қызметкерлер әркім шама-шарқының жеткенінше қанатымен су сепкен қарлығаштай өз үлестерін қосты. Ендеше «адамға рахыметі жоқтың Аллаға шүкірі жоқ», - деген осындай сауапты іске атсалысқан барша азаматтарға Алланың мейірімі, рақымы мен нұры, берекеті жаусын деген тілек айтты. Іс-шара карантин жағдайына байланысты сақтық шаралары сақтала отырып өткізілді.

Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: