Дін тазалығы деген не?

Дін тазалығы деген не?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бірде Хасан Басриге бір әйел келіп сұрады: “О, имам! Дін тазалығы дегеніміз не? Діннің мәні неде? Діннің қазынасы дегеніміз не?”.

Хасан Басри былай деді: “Осыны өзіңіз айтып көріңізші, біз тыңдап көрелік!”. Сонда әйел айтты: “Діннің тазалығы дәрет алуда жатыр. Діннің мәні – Алладан қорқу және Оның алдында ұялу. Ал діннің күші – намаз. Сондай-ақ, Ұлылық иесі Раббым Алла ұялшақ құлын жақсы көреді. Діннің қазынасы – білім. Кім дәрет алуды елемесе, оның иманының таза болмағаны. Кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ. Кім Раббым Алладан қорықпаса, оның иманының мәні болмайды. Кім білім таппаса – ол діннің қазынасына жолыға алмайды”. Хасан Басри әйелдің айтқандарының бәрін мақұлдады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: