Тауып алған алқа қалай адал болды?

Тауып алған алқа қалай адал болды?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Көшеде келе жатқан бір адам асыл алқа тауып алады. Ол алқаға қызығып, өзі алғысы келеді. Сол кезде: “Кім алқаны тауып берсе, сүйіншіміз пәлен динар” – деген дауыс шығады. Ал асыл алқаның бағасы пәлен динар өте аз екен. Бірақ әлгі адам Алладан қорыққандықтан алқаны өзінің иесіне қайтарып береді.

Ол бір күні сапарға шығады. Жолда керуені қарақшылардың шабуылына ұшырап, өзі әрең құтылады. Сөйтіп жүріп бір аралға тап болады. Жат жерге жақсылық жеткізуге тырысады. Аралдағы адамдарға дін үйретеді.

Олардың жүрегіне ізгілік дәні себіледі. Өздеріне осындай пайдалы ілім үйреткен ұстаздарын қатты құрметтейді. Жергілікті тұрғындар ұстаздарына ай десе аузы, күн десе көзі бар бір қыздарын беріп, үйлендіреді.

Үйленіп, үй-жай болған ұстаз өзінің жарын көрсе, оның мойнында баяғыдағы асыл алқа көрік беріп тұр екен. Сонда әлгі ұстаз: “Алқаны иесіне Алладан қорқып қайтарып едім, ақыры адал жолмен қайтадан өзімді тапты-ау! Аллаға шүкір! – деген екен.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: