Ізгі әйелге - ізгі күйеу

Ізгі әйелге - ізгі күйеу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір кісі дастархан басында отырса, әйелі піскен тауықты бүтіндей алдына әкеліп қояды. Енді жей бергенде, есік қағылады. Ол әйеліне: “Барып қарап келші, кім екен?” – дейді.

Әйелі барып қарап келіп: “Қайыршы екен, тамақ сұрайды” – дейді. Күйеуі: “Тамақ жоқ деп, есікті жаба сал!” – деп бұйырады. Әйелінің жаны ашып: “Ең болмаса, бір санын берейік те” – дейді. Сонда күйеуінің ашуы ұстап: “Әй, мен саған айттым ғой, жоқ деп қуып жібер деп” – деп, тамақ бергізбей қояды.

Көп ұзамай осы кісінің өзі жоқшылыққа ұщырап, әйелін асырай алмай қоя береді, өзі ел-елді кезіп тентіреп кетеді. Кейін әйел басқа күйеуге шығады. Бір күні ол күйеуінің алдына тауық асып әкеліп қойғанда , есік қағылады. Барып қараса, қайыршы екен. Күйеуіне: “Қайыршы екен, тамақ сұрайды, бірдеме беріп қоймаймыз ба?” – дейді. Күйеуі алдындағы бүтін тауықты беріп: “Мұның бәрін апарып бер!” – дейді.

Әйелі риза болған күйде, тауықты апарып бергеннен кейін, жылап қалады. Жолдасы: “Саған не болды?” – деп сұрайды. Сонда жұбайы: “Ілгеріде бұрынғы күйеуіме тауық пісіріп алып келгенде, дәл өстіп біреу есікті қаққан еді, қарасам тамақ сұрап тұрған қайыршы екен, күйеуім ешнәрсе бермей қойған еді. Ал сіз тауықты бүтіндей беріп жібердіңіз. Бұл қайыршы – менің бұрынғы күйеуім екен” – дейді.

Сонда күйеуі: “Сол сендердің үйден тамақ сұраған қайыршы мен болатынмын” – деген екен.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: