Сен қайсысы болар ең?

Сен қайсысы болар ең?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Медреседе оқитын бір шәкірт біршама білім алған соң, елі есіне түседі. Үйіндегі ауру шешесі де ойынан шықпайды. Содан соң ұстазынан рұқсат сұрап, еліне қайтады.

Жолда келе жатып, бір қанаты сынған кептерді көреді. Бір қызығы, оған бір қырғи жем тасып, асырап жүр екен. Бұл көрініске таң қалған жігіт: “Мені де, менің шешемді де Алла Тағала өлтірмес. Біз қанаты сынған кептер болсақ, бізді асырайтын бір қайырымды қырғи табылар, алаңдамай білім ала берейін” – деп медресеге қайтады.

Содан ұстазына болған оқиғаны баяндап, не үшін қайтіп келгенін түсіндіріп бағады. Сонда ұстаз: “Неге сенің қанаты сынған кептер болғың келеді, неге сенің қырғи болғың келмейді?” – деген екен.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: