Қазақстанда «Абай тв» және «Әл-Фараби» телеарналары іске қосылады

Қазақстанда «Абай тв» және «Әл-Фараби» телеарналары іске қосылады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Биыл Қазақстанда екі жаңа телеарна іске қосылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, 30 маусымнан бастап «Қазақстан» ТРК телеарнасына кіретін отандық мәдениеттің байлығы мен мұрасына арналған жаңа «Абай ТВ» телеарнасын іске қосу жоспарлануда.

Сонымен қатар, салалы ведомство басшысы атап өткендей, оқу жылының басында «Хабар» агенттігінің базасында 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер аудиториясына арналған жаңа білім беру-ағартушылық телевизиялық платформа болатын «әл-Фараби» арнасы іске қосылады.

Отандық сериал өндірісінің дамуы туралы айта келе, А.Балаева биыл 42 сериал өндірісі жоспарланғанын хабарлады. Көрермендерге отбасы құндылықтары, волонтерлердің қызметі туралы қызықты жобалар, педагогтар, дәрігерлер, полицейлердің имиджін көтеруге, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған сериалдар түсіріледі.

Дереккөз: ortcom.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: