ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: САҚ ЖҮРСЕҢ, САУ ЖҮРЕСІҢ

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: САҚ ЖҮРСЕҢ, САУ ЖҮРЕСІҢ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әр адам өзінің туыстары мен жақын адамдарының денсаулығына мұқият болуы керек. Бұл туралы «BIZ BIRGEMIZ» онлайн форумда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Осындай күрделі кезеңде барша жұрт жауапкершілік танытудың қаншалықты маңызды екенін түсінді деп ойламын. Әр адам өзінің туыстары мен жақын адамдарының денсаулығына мұқият болуы керек. Бұл қазіргі заманның талабы», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы індетті жеңу әрбір азаматтың өз қолында екенін баса айтты. «Бұл ең алдымен қарапайым қағиданы ұстанудан басталады. Бетперде тағып жүру, тазалық сақтау және әлеуметтік қашықтық ұстану өте маңызды. Өйткені, бұл сіздің және өзге адамдардың денсаулы үшін аса қажет. Тағы да қайталап айтамын, «сақ жүрсең сау жүресің«, «сақтықта қорлық жоқ«. Сондықтан азаматтарды қорғау үшін біз барлық қажетті шараларды жедел түрде қолға алдық және осы жұмысты ары қарай жалғастыра береміз» деді Президент.

inform.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: