Меккеде Хира үңгірінің жанында мәдени орталық салынады

Меккеде Хира үңгірінің жанында мәдени орталық салынады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мекке билігі Джабал әл-Нұрдың етегінде мәдени орталық құрмақ. Саудияның газеті хабарлағандай, дәл осы жерде Хираның тарихи үңгірі орналасқан.

Қала әкімі Мұхаммед әл-Кувейяс айтқандай, бірінші кезеңде тау мен оның айналалары жазулардан, граффитиден тазартылады, қазіргі уақытта таудың баурайында тұрған барлық тәртіпсіз нысандар бөлшектенеді. Орталыққа келушілер исламға дейінгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейінгі таулар мен үңгірлердің тарихын біле алады.

«Баспалдақтар үңгір орналасқан таудың басына және одан түсуге көмектесетін етіп салынады. Келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тауды исламның тарихында маңызды орын алатын табиғи орын ретінде сақтау үшін барлық қажетті шаралар қабылданады », - деді қасиетті қаланың әкімі.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: