Шу ауданында облыс бас имамы сапарда болды

Шу ауданында облыс бас имамы сапарда болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев Шу ауданына қарасты мешіттерді аралады.

Бүгін Шу аудандық Төле би мешітіне облыстық Һибатулла Тарази мешітінің бас имамы Бейбіт қажы Әліпбекұлы қадам тіреп, өңірге қарасты барлық 24 мешіттің имам-молдалармен жиналыс өткізді. Жиналыста күн тәртібіне сай, дін мамандарымен танысып, 4 бағыт жұмыстарын жандандыру, діни оқу орындарына шәкірттер дайындау, қайырымдылық жұмыстарын жандандыру, мешіттің тазалығы және кері тартпа ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастырып, олармен күресу керектігін басты назарда ұстау керектігін тапсырды.

Бас имам Бейбіт қажы Мырзагелдиев сөз барысында алдағы уақытта да бірқатар тапсырмаларды бірлесіп орындайтыны жайында да тілге тиек етті.

Шара барысында аудандық Төле би мешітінің тазалық жұмыстары, газ құбырлары, мешіттің ішкі-сыртқы тәртіп ережелері, мешіт жанындағы медресе орнымен танысты. Сондай-ақ, мешіт қызметкерлерінің атқарып жатқан жұмыстарын бақылап, ресми құжаттарын көріп, дұрыстығына көз жеткізді.

Сонымен қатар, Облыс имамы Бейбіт қажы Әліпбекұлы сапарын аудандық мешітке қарасты Бәйдібек ауылы, Бәйдібек және Балуан Шолақ ауылы, Қойайдар мешітерінде жалғастырды. Бас имам мешіт молдаларына бірнеше маңызды болған міндеттерді жүктеді.

 Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: