Қайын жұрттық (сихри) туыс

Қайын жұрттық (сихри) туыс

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Үйлену арқылы болған туыстыққа «қайынжұрттық» (сихри) туыстық деп атаймыз. Ажырасу, яки өлім де бұл туыстыққа әсер ете алмайды. Бұларды төрт топқа бөлуге болады.

а. Өгей қыздар. Бір еркек әйелімен төсек қатынаста болған соң оның бұрынғы күйеуінен болған қызы, яки немерелерімен үйлене алмайды.

ә. Қайын ене. Бұл жерде еркектің әйелімен төсек қатынаста болуы шарт емес. Жалаң некенің өзімен-ақ қайын ене мен оны анасымен үйлену кедергісі туады.

б. Әке мен атаның жарлары. Бір адам әкесі, яки аталарының әйелдерімен үйлене алмайды. Құранда:«Әйелдерден әкелерің үйленгендерге үйленбеңдер. Бірақ өткен өтті. Бұл бір арсыздық және жиіркенішті жаман жол», – дейді.

в. Ұрпағының әйелдері. Бір адам баласының яки немересінің әйелімен үйлене алмайды. Құранда: «Бел балаларыңның әйелдерімен үйлену харам етілді», – дейді.

Алайда асыранды баланың жағдайы басқа. Оның туыстарымен ешқандай үйлену кедергісі болмайды. Хазіреті Пайғамбар (аләйһис-саләту уәс-сәләм) Зәйітті бала етіп алған болатын. Кейіннен осы Зәйітті Зейнеп бинти Жаһшпен үйлендіреді. Кейіннен Зәйіт Зейнеппен ажырасқанда Зейнеп Пайғамбарымыздың келіні саналған соң онымен арасында үйлену кедергісі болған еді. Алайда Құран: «Сонда одан Зейіт ажырасқан кезде оны саған некелендірдік. Мұсылмандарға асыранды баласынан ажырасқан әйелдерді алуда бір қиындық болмауы үшін», – дейді. Мінекей осы аятта асыранды бала туған баласының орнын баса алмайтындығын көрсетеді.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: