21 бөлім. Исламға шақырудың басталуы. Уахидің қайтадан келе бастауы

21 бөлім. Исламға шақырудың басталуы. Уахидің қайтадан келе бастауы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір күні Пайғамбарымыз(ﷺ) келе жатып кенеттен көктен шыққан дауысты естиді.  Ол үстіге қарап, Хира тауында тұрған Жәбірейіл періштені (ғ.с.) көреді. Жәбірейіл (ғ.с.) ауада отырған еді. Пайғамбарымыз(ﷺ)бұл періштенің оған өткен жолы не істегенін есіне түсіріп, қорқып кетеді де үйіне қайтып оралады.  Келе сала:  

- Бүркеңдерші мені, бүркеңдерші мені! – дейді.Сонда Алла Тағала тарапынан оған мына бір уахи түсіріледі:

يَا أَيُّهَا الْمُدَّثِّرُ ﴿١﴾ قُمْ فَأَنذِرْ

Мағынасы: «Әй, жамылушы! Тұр енді! Адамдарға ескерт!» Жаратушының жазалауы туралы адамдарға ескерт, егер олар адасуларынан және олардың ата-бабалары табынған пұтқа табынуларынан бас тартпаса, олар жазаға тартылатындығын ескерт.

وَرَبَّكَ فَكَبِّرْ

Мағынасы: «Раббыңды ұлықта!…»

Жалғыз Оны ұлықта және Оған серік қоспа.

وَثِيَابَكَ فَطَهِّرْ

Мағынасы: «Киіміңді тазала!»

Алла Тағаланыңалдындамүмінгекірәрінәжістенарылмағанкүйдетұрулайықсыз. 

وَالرُّجْزَ فَاهْجُرْ

Мағынасы: «Әртүрлі лас істерденаулақ бол!»

ЯғниАллағабойсұнып, Оныңбұйырғандарынәрқашанорындап, жазалаусебептеріненаулақ бол.

وَلَا تَمْنُن تَسْتَكْثِرُ

Мағынасы: «(Қылғанісіңді) көпміндетқылма…»

Бір адамға оған сыйлағаныңнан да көп нәрсе алармын деген үмітпен ешқашан ештеме сыйлама. Жомарттар бұлай жасамайды.

وَلِرَبِّكَ فَاصْبِرْ

Мағынасы: «Раббың үшін сабыр ет» (74:1-7).

Адамдарды Алланың хақ жолына шақырғанда, олардан келер зиянға сабыр ет.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: