Қадір түні оқылатын дұға

Қадір түні оқылатын дұға

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айының соңғы он күні аса маңызды болып табылады. Рамазан айының інжуі болып табылатын Қадір түні қасиетті айдың соңғы он күніне жасырылған. Нақты қай түн екені тек Алла Тағалаға ғана мәлім, алайда Пайғамбарымыз (ﷺ) бұл түнді Рамазанның соңғы он тақ түндерінен іздеңдер деген. Дәл осы түні Пайғамбарымызға (ﷺ) Құранның алғашқы аяттары түсірілген. Қадір түніне Қасиетті Құранның 97-ші «Қадір» сүресі арналған: «Негізінен Құранды Қадыр түнінде түсірдік. (Мұхаммед Ғ.С.) Қадыр түнінің не екенін білесің бе? Қадыр түні мың айдан қайырлы. Періштелер және Жебрейіл (Ғ.С.) ол кеште Раббыларының рұқсаты бойынша барлық іс үшін түседі. Ол бейбітшілік кеші, таң рауандағанға дейін жалғасады» (97:1-5).

Қадір түнгі құлшылыққа мың ай бойы құлшылық жасағандай сауап беріледі, қарапайым тілмен айтқанда, осы түні жасалған кез-келген жақсы амалға 83 жыл құлшылық еткендей сауап жазылады. Осы түні жасалатын құлшылықтардың бірі – өзіміз және туған-туыс, жора-жолдастар үшін жасалатын дұға. Бұл үшін мына бір дұғаны оқыған абзал:         

 رَبَّنَا إِنَّنَا آمَنَّا فَاغْفِرْ لَنَا ذُنُوبَنَا وَقِنَا عَذَابَ النَّارِ «Рәббана инняня `аманна фагфир ляна зунюбана уа киня `азябя ан-наар». Мағынасы: «Сондай: «Раббымыз! Иман келтірдік, күнәмізды жарылқа да от азабынан сақта» дегендер» (3:16).

Айшаанамыздың (р.а) Пайғамбарымыздан (ﷺ): «Уа, Алланың Елшісі, егер мен Қадір түнінің басталғаны туралы білсем, не айтуым керек?» ‒ деп сұрағаны риуаят етіледі. БұғанПайғамбарымыз(ﷺ): «Ия, Алла, расында, Сен – Кешірімдісің, кешірудіжақсыкөресің. Менікешірегөр! (АллаһуммәиннәкәЪафуун, тухиббуль-ъафуафаъфу-ъанни)»  деп айт», ‒ деп жауап берген (әт-Тирмизи, Ибн Мәжаһ, әл-Хаким).  

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: