100 адамға ауызашар берілді

100 адамға ауызашар берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы "Молда Мұхаммеджан" мешіті және "Мұқтаждар" атаулы жамағаттан құралған топ 100 кісіге ауыз аштырды. 

Қара қағазанда ақ ниетпен ақ дастархан үшін ас пісіріліп, қосмша тәттілерімен, сусын, жемістерімен 100 адамға пакет дайындалып, үй-үйге жеткізілді. 

Шараның басы-қасында "Һибатулла Тарази" медресесінің директоры, "Молда Мұхаммеджан" мешітінің имамы Нұралы Бақытұлы жүрді. 

Рамазан айындағы әрбір амал екі еселенеді. Алла тағала егер өз құлын жақсы көрсе, ол құлын пайдаланады. Қалай пайдаланады? Ізгі амалдарды жасатып қояды, басқа бір құлына жақсылық жасауда себепші етеді. 

Рамазан айында осындай игілік жасап жатқан ел ағаларына Жаратқан Раббымыз разы болсын! 

"Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің" демекші Алла арттып беруші екенін есте ұстайық.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: