Шу қаласы Рамазанда 2 млн. 340 мыңға қайырымдылық жасады

Шу қаласы Рамазанда 2 млн. 340 мыңға қайырымдылық жасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі таңдағы әлемде болып жатқан жаман індет COVID-19 біздің елімізді айналып өтпегені белгілі. Елімізде президент Қасым-Жомарт Кемелұлы төтенше жағдай жариялаған болатын. Мемлекет болып «Біз біргеміз» акциясы қазіргі карантин кезінде ұйымдастылып, тұрмыстық жағдайы төмен, жәрдемге мұқтаж көптеген отбасыларға көмек берілуде.

Соның бірі Шу қаласының тұрғындарыда қалыс қалған жоқ. Шу қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің имамы Нұрлыханов Бақыттың ұйымдастыруымен Рамазан айының алғашқы он күндігі ішінде «СЕНІМДІ АҚНИЕТ» қайырымдылық қорымен бірлесе қала және аудан бойынша қазіргі уақытқа дейін 230 отбасыға азық-түлікпен қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Жалпы алғанда 230 көмекке мұқтаж отбасыларға 2млн. 340 мың теңге қаражат жұмсалды. Осындай игілікті шараның басында жүрген азаматтарға, сондай-ақ қолы ашық, жаны жомарт жандарға Алланың нұры жаусын демекпіз. 

Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: