200 адамға ауызашар таратылды

200 адамға ауызашар таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Жұқпалы індеттің таралуының алдын алу мақсатында мешіттерде, дәмханаларда, қоғамдық орындарда т.б. мекемелерде жиналып ауызашар беруді уақытша тоқтатуға шақырамыз» - деген, тапсырмасын ескере отырып, жанұясымен бірге сыртқа шыға алмай отырған мұқтаж отбасылар мен ауыз бекіткендер үшін ауызашар сауабынан үміт еткен азаматтардың қайырымдылық іс-шарасы орталық «Һибатула Тарази» мешітінің жанынан құрылған еріктілермен бірге іске асырылуда.

Демеушілер есебінен тағы да 200 адамға ауызашар дастарханын таратты. Кезекті ыстық тамақ, құрма, тәттілері мен суысындары бар ауызашар дастарханы Шөлдала алқабы мен Тараз қаласындағы жатақхана тұрғындарына жеткізілді. 

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін ораза басталғалы 1050 отбасыға ауызашар берілген болатын.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: