COVID-19: Жамбылда індетке қарсы құрбан шалынды

COVID-19: Жамбылда індетке қарсы құрбан шалынды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елімізге төнген қауіпті пандемия күн сайын өршіп келеді. Адамзат баласына келген бұл сынақтан сүрінбей өтіп кетуді күллі әлем тілеуде. 

Жамағат бірлесе онлайн түрде Құран оқып, хатым түсіріп те жатыр. Мұсылман жұрт таһаджут намазына да тұрып, тынбай дұға етуде. Бүгін осы коронавирус індетінің тездетіп жойылуын, науқастардың жазылып, мешіттерде қайта жамағатпен намаз оқылуын тілеп, Таразда кәсіпкер азаматтың ұйытқы болуымен құрбандыққа мал сойылды. 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Қанат Жұмағұл Құран оқып, қой еті мұқтаждарға таратылып, имамдар мен игілік жасаушы азаматтар бірлесе дұға жасап, Жаратушыдан пана сұрады.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: