200 отбасыға азық-түлік пен бетперде таратылды

200 отбасыға азық-түлік пен бетперде таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының үндеуіне үн қосып, облыс имамы Қанат Жұмағұл бастаған шараның жалғасы ретінде Жамбыл ауданы "Бәйдібек" мешітінің ұйымдастыруымен карантин жағдайына орай 200 отбасыға қайырымдылық жасалды. "Қайырымдылық - адамзаттың асыл қасиеті" ұранын ұстанатын мерейлі жандар осы іс-шараға барынша үлес қосты.

Ауданның бас имамы Ғарифолла Әмірбектің ұйытқы болуымен 200 үйге 200 пакет азық-түлік үлестірілді. Сонымен қатар мешіттің әйелдер жамағатының атсалысуымен 200 бетперде (маска) тігіліп, аталған шаңырақтарға табысталды. 

Көмекті таратуға аудандық Жастар орталығы қолдау көрсетіп, ерікті жастар үйді-үйге қажеттіліктерді жеткізді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: