Бас имам Қордайда көз жұмған баланың отбасына көңіл айтты

Бас имам Қордайда көз жұмған баланың отбасына көңіл айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қандай қаза болса да барлығы пенде жүрекке ауыр, қабырғаңды қайыстырады. Әсіресе, баласын бауырына басқан аяулы ана мен, балам деп басынан сипап жүрген әкенің өз перзентінің қазасын көтеруді сөзбен айтып түсіндіру мүмкін емес. 

Осындай сынақты бастан өткеріп отырған Қордай ауылының тұрғыны Мұрат Мырзаханұлының ата-анасына ҚМДБ–ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Қанат Әділханұлы мен наиб имамдары жанұяның үйіне арнайы барып, көңіл айтты.

Бас имам жастай жазатайым болып жаназасы шығарылған марқұмға Құран бағыштып, Алладан артында қалған ата-анасына, бауыр туыстарына жақсылық тілеп, сабырға шақырды.

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: