Ветеринария мамандарымен өткен келелі кездесу

Ветеринария мамандарымен өткен келелі кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі таңда, өкінішке орай қоршаған ортамызда кері тартпа ағымдардың жетегінде кетіп жатқан жастар жетерлік. Білімді мамандар жастардың кері тартпа ағымдарға кетіп қалмауының мақсатын да көп деген семинарлар, форумдар ұйымдастырылып ағымдардың зияндары жайында видео роликтер көрсетіліп т.б мақалалар БАҚ беттерінде жарияланып оқырмандардың назарына ұсынылуда.

Сонымен қатар, мешіт имамдары да әкімшілік орындарында, мектеп колледждермен басқа да жұмыс орындарының табалдырығын тоздыруда.

Аталмыш мақсатты басты назарға алған Шу аудандық Төле би мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлы, аудан әкімдігінің білім бөлімінің мамандарымен бірлесе отырып, Шу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімінің мамандарымен «Дінді қате түсіну неге ұрындырады?» атты тақырыпта келелі бас қосу болып өтті. Аталмыш жиында тақырыпқа қатысты сұрақтар қойылып, тиімді жауаптарын алды.

Шу ауданы әкімдігінің ветеринария басшысы Ниязбеков Болат мырза аудан имамы Аят қажы Дыбысұлына рахметін жаудырып, ісіне сәттілік тіледі.

                          Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: