Шу аудандық "Төле би" мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлы жоспарға сай, Шу қалалық "Жәми" мешітіне қарасты, Әбубәкр Сыддық мешітінде болып қайтты.
Әбубакр Сыддық мешітінің тұрақты жамағатымен жүздескен аудан имамы Аят қажы Дыбысұлы «Діні қуатты елдің іргесі берік» атты тақырыбында уағыз жүргізді.
"Егемендіктің, тәуелсіздіктің қадырін түсініп, жік-жікке бөлінбей, Алланың нығметін сезініп, бір тудың астында, бір атаның баласындай өмір сүре білу үлкен бір нығмет. Елдің бірлігіне сызат түсіріп, білімсіз таласып-тартысу үлкен қателік, және сол қателігіміз ертең біздерге пайда әкелмесі айдан анық. Қыстың қамын жазда ойла, шақырылмаған қонақ сыпырылмаған жерге отырады дегендей, ертеңіміз үшін бүгіннен бастауымыз керек" - деген аудан имамы, білімді тек діни басқармаға қарасты білімді, білікті имам ұстаздардан алу керектігін де айтып өтті.
Уағызды ұйып тыңдаған жамағат, азан айтып құптан намазына сап түзеді.
Талғат Кәрібайұлы
Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі