Шу аудандық "Төле би" мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлы ауданымызға қарасты Жиенбет ауылы, Жиенбет мешітінде жұма намазын жүргізді.
Тілге тиек ететін болсақ, аудан имамы Аят қажы Дыбысұлы жоғарыдағы аталған мешітте «Зиянды нәрселерден сақ болайық» тақырыбында әсерлі уағыз-насихатын өрбітіп, арақ, темекі, есірткі т.б зиянды заттардың қоғамға, адам денсаулығына көп деген кері әсерін беретінін айтып, жастарды лас істермен зиянды заттардан аулақ болуына шақырды.
Ал ішіңдер бұл арақ,
Бұл арақтың арғы атасын сұрасаң,
Ашыған дәннің у еті.
Бұл арақты кім ішсін?
Арақтан басқа уайым жоқ,
Алқаш болған бұл ішсін.
Қара жерге құлаған,
Лай суға сұлаған, жүрегі соқыр құл ішсін.
Имамның уағызын үйіп тыңдаған көпшілік, рахметін айтып шуласты. Мешіт ақсақалдары болса, аудан имамының келуіне разы болып, тағыда ат басын аталмыш мешітке бұруын сұрады.
Талғат Кәрібайұлы
Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі