Шу аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, Шу қалалық «Жәми» мешітінің бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы Алға ауылдық округіндегі «Аманкелді» мешітінің жамағатымен кездесті.
Қаланың бас имамы Ислам бейбітшілік, ынтымақ, ауызбірлік діні екенін түсіндірді. Ал, жат ағымның көздегені тыныштықты бұзып, ел арасында, жамағат ішінде іріткі салып бөліну екені айқын. Сондықтан жат ағымнан сақтанудың бірден-бір жолы жамағаттан бөлінбей имаммен бірге мешіт тәртібіне ұйып, Ханафи мәзхабы бойынша намаз оқу екендігін түсіндірді.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі