Спорт мектебінің оқушылары аудан имамымен жүздесті

Спорт мектебінің оқушылары аудан имамымен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданының бас имамы Ғарифолла Әмірбеков өңірдегі спорт мектебінің оқушыларымен кездесті. 

"Үлкенге құрмет" тақырыбын насихатына арқау еткен дін маманы болашақ ұрпағымыз болған жеткіншектерге ата-ананы сыйлау, ұстазға құрмет көрсету, үлкен кісінің батасын алудың маңызы сынды тәрбиелік мәні зор сөздерді тілге тиек етті. 

Мектептің ұстаздар құрмасы мен жастардың қойған сауалдарына жауап беріп, дәстүрлі, қазақи әрі діни тәрбие жайлы үгітін жеткізді. 

Ардақты Пайғамбарымыздан (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жеткен хадисте: «Жастарға ізет, үлкенге құрмет көрсетпеген бізден емес» (Тирмизи), — делінген. Иә, қазақ үшін үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету – жазылмаған заңдылық. Бұл — еш жерге жазылмай, еш заңға бағынбай атадан балаға мирас боп келе жатқан тәрбиенің қайнар көзі. Кезінде үш жүздің басын қосқан атақты Абылай ханға ақыл айтып, жөн сілтеген Бұхар жыраудың өзі:

Тоғызыншы тілек тілеңіз,

Тоқсандағы қарт бабаң

Топқа жаяу бармасқа, —

деп, қазыналы қарты үшін алаңдап, ол үшін дұға жасап, тілек тілеуге шақырған екен.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: