Шу қалалық «Жәми» мешітінің бас имамы Шу аудандық электр жүйесі қызметкерлерімен кездесті. ЖЭС қызметкерлеріне елімізде Ислам дініміздің өркендеуімен қатар, кедергілер бар екенін айтып, яғни төмендегі төрт мәселеге тоқталып, жат ағымдар туралы түсіндірді.
Біріншіден, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне зиян келтіреді.
Екіншіден, дамыған немесе даму үстіндегі тыныш жатқан бір елді тоқырауға жіберудің бір тәсілі, түрлі жат діни ағымдар арқылықоғам ішінде іріткі тудырады.
Үшіншіден, дәстүрлі емес діни ағымдар білім мен ғылымға қарсы. Тәп-тәуір оқып жүрген студент жат ағымға кірген бойда оқуы нашарлап, тіпті тастап кетіп жатады.Себебі, оған мемлекеттің болашағы қажет емес.
Төртіншіден, болашақ жастардың қолында деп білеміз. Олай болса, дәстүрлі емес діни қозғалыстар біздің болашағымыз деп үміт артып отырған жастарымызды өз қатарларына тартумен келешекке қауіп төндіретінін жеткізді.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі