Әйелдерге арналған шипалы тас

Әйелдерге арналған шипалы тас

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір әйел күйеуіне шағым жасау үшін әйгілі данышпанға барыпты.

- Күйеуім болмашы нәрсеге мені ұрып-соға береді, - депті.
- Шынында да, солай ма?
- Иә, солай.
- Онда оның емі менде бар. Мен саған шипалы тас берем. Күйеуің сені ұру үшін жақындап келгенде, сол тасты тіліңнің астына сал да қатты қысып тұр. Сонда күйеуің сені ұрмайды депті.

Сөйтіп, үйіне барса, күйеуі тағы да ашулы. Қазір келсе, бұл қатынның сазайын тартқызайын деп тістеніп отыр екен. Соны байқаған әйел дереу данышпан берген шипа тасты тілінің астына салып жібереді. Сөйтеді де оны тілімен басып тұрады.

Күйеуі жүгіріп келіп: «Сен қайда жүрсің?» деп тиісуге қара іздей бастайды. Әйел әдеттегідей жауап қайтарайын десе ауызында тасы бар. Үндемей, қимылдамай тұра беріпті. Үнсіз тұрған әйелді ұруға қолы бармаған күйеуі терең бір дем алыпты да сыртқа шығып кетіпті.

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: